Мажарстан шекарасында күзет күшейтілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы кезде Мажарстан шекарасынан заңсыз өтпек болған мигранттар саны күрт өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Елдің ІІМ-нің мәлімдеуінше, полиция мен әскери қызметкерлер өткен демалыс күндері 860-қа жуық тәртіп бұзушыны ұстаған.

Тәртіп сақшылары Мажарстан-Сербия шекарасында қоршаудан өтіп кетпек болған 20 мигрантты қамауға алды. Олардың бірі көзден жас ағызатын газ қолданған. Сол уақытта Тиса өзені маңында патруль ешқандай құжаты жоқ 65 сириялықты, ал Гара ауылының жанында – 14 ауғандықты анықтаған.

Өткен аптада шекарашылар 2 мыңнан астам заңсыз мигрантты ұстады. Бұл осы жаздағы рекорд нәтиже болды.

Сондай-ақ Румыния, Хорватия, Украинамен шекарада және елдің ішінде адам контрабандасымен айналысты деген күдікке ілінген ондаған адам ұсталды. Бақылаушылар босқындар санының өсуін Ауғанстандағы күрделі жағдаймен байланыстырып отыр.


Соңғы жаңалықтар