Мажарстан коронавирусқа байланысты шекарасын жапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мажарстан 1 қыркүйектен бастап коронавирустан қорғану мақсатында жауып тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews сайтына сілтеме жасап.

Будапешттің 1 қыркүйектен бастап шетелдіктерге кіруге тыйым салуды қайта енгізу туралы шешіміне Еурокомиссия алаңдайтынын жеткізді.

Еурокомиссия COVID-19-ға байланысты қозғалысты шектеу бойынша ұсыныстар Еуропалық Одақтың шілде айында қабылданғанын еске салды.

Өз кезегінде Мажарстан билігі жаңа шектеу шараларының мақсаты – қарттарды қорғау және оқу жылының тыныш басталуын қамтамасыз ету деп түсіндірді.


Соңғы жаңалықтар