+7 (701) 759 90 19
USD 387.16 EUR 428.47
RUB 6.08 CNY 55.13
Jańalyqtar

Мажарстан Қазақстанмен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі

2019 жылғы 24 сәуір 15:45
Бөлісіңіз:
Мажарстан Қазақстанмен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мажарстан Қазақстанмен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделілік танытады. Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбан айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Қазақстанда осыдан 4,5 жыл бұрын болған едім. Сол уақыттан бері елдеріңіз қарқынды дамып, ілгерілей түскен. Қазір технологиялық өзгерістерді байқап отырмын және алдағы уақытта мұнан да қарқынды дамуға куә болатындығымызға сенімім мол", - деді Мажарстан Үкіметінің басшысы.

Оның атап өтуінше, Қазақстан мен Мажарстанның арасы географиялық тұрғыда тым шалғай жатыр. Дәл осы жайт экономикалық байланыстарды күшейтуде қиындық тудырып отыр. Дегенмен, оны да еңсерудің жолдары бар.

"Біз соңғы уақытта қазақ-мажар бірлескен кәсіпорындарын құру үшін барынша қарқынды жұмыс жүргіздік. "Нұр-Сұлтан" қаласындағы халықаралық қаржы орталығының құрылуына жан-жақты қолдау көрсетіп, қазақ-мажар инвестициялық қорын құрдық. Ол қазіргі уақытта өзінің алғашқы жемісін беріп те отыр. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы саласында өзіміздің ең алғашқы ірі инвестициялық жобамызды жүзеге асырдық. Екінші жобаны қолға алдық. Оның аясында сүт зауытын салатын боламыз", - деді Виктор Орбан.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT