Мажарлар ежелгі түркілердің Нартуған (Карачун) мерекесін атап өтті

None
None
ТЕМЕРИН. ҚазАқпарат - Мажарстандық «Мадияр-Тұран» қоры ежелгі түркінің Карачун мерекесін атап өтті. Бұл мейрам Қазақстанда Нартуған деген атпен танымал, деп хабарлайды ҚазАқпарат RTV арнасына сілтеме жасап.

«Мадияр-Тұран» қоры қысқы күн тоқырауы мейрамын тойлады, ал оның негізгі іс-шарасы Темерин қаласында ұйымдастырылды», - деп хабарлайды сербиялық RTV телеарнасы.

Мереке бағдарламасы бойынша, дәстүрлі шаман әндері шырқалып, үлкен алау жағылды, мажарлар бүркітпен аң аулауға шықты.

Карачун (Karascun), яғни Нартуған - тәңірлік наным-сенімдегі ең басты мерекелердің бірі. Ол қазір Мажарстанда аталып өтеді. Мажарлар бүкіл ел аумағында үлкен алау жағып, шаман әндерін шырқайды. Бұл рәсімнің мәні - жарық сәуленің жылдың ең ұзақ түнін тезірек жеңіп, қайта жарқырауына жәрдемдесуде.



Соңғы жаңалықтар