Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.90 EUR 422.74
RUB 5.87 CNY 54.80
Jańalyqtar

Мазари-Шарифте қазақстандық астық терминалын салудың қажеті жоқ - Асқар Мамин

2019 жылғы 16 сәуір 16:57 496
Бөлісіңіз:
Мазари-Шарифте қазақстандық астық терминалын салудың қажеті жоқ - Асқар Мамин

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауғанстанның Мазари-Шариф қаласында қазақстандық астық терминалын не ұн қоймасын салудың қажеті жоқ. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына жауап берген ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетерлігі, Мәжілістің бір топ депутаты Үкімет басшысының атына жолдаған сауалында Қазақстанның астығы мен ұнын ауған және түрікмен нарығына шығару үшін Ауғанстан Республикасының Мазари-Шариф қаласында немесе өзге шекаралас қалада астық элеваторын не ұн қоймасын салу мүмкіншілігін қарастыруды ұсынған болатын. Депутаттардың атап өтуінше, мұндай терминал не қойма Ауғанстан аумағында  астық пен ұн саудасының жандануына септігін тигізеді.

Осы мәселеге қатысты ресми жауап берген Асқар Мамин  2018 жылы «Қазақстан темір жолы» компаниясы «Узбекистон темир йуллари» АҚ, «Туркмендемирёллары» агенттігі, Түрікменстан Темір жол көлігі министрлігі және Ауғанстан темір жолдары басқармасының, мүдделі ұйымдардың қатысуымен көпжақты кездесу өткізген. Онда Қазақстан тарапының Ауғанстан аумағында терминалдар, астық элеваторы мен ұн қоймасын  салуы мәселесін қарастырған.

«Сарапшылар өзбек-ауған және түрікмен-ауған  шекарасындағы көлік-логистикалық инфрақұрылымды бағалай келе, қолданыстағы терминалдардың толық жүктемеге ие болмай қалу тәуекеліне байланысты қазақстандық тараптың қосымша терминал мен элеватор салуы мақсатқа сай емес деген қорытындыға келді», - деді Премьер-Министр.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
MURAǴAT