Майра Мұхамедқызы Шымкенттегі Опера және балет театрының басшысы болды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Майра Мұхамедқызы Шымкент қалалық Опера және балет театрының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қалалық Опера және балет театрының жаңа басшысын мекеме қызметкерлеріне таныстырды», - делінген қалалық Ақпараттық коммуникациялық орталық мәліметінде.

Майра Мұхамедқызы - ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері, «Тарлан» сыйлығының, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Париждегі «Гранд Операның» Қазақстаннан шыққан тұңғыш әншісі. 1969 жылы 9 мамырда ҚХР-да дүниеге келген.

Бейжің Ұлттар университетінің музыка факультетін (Джоу Бен Чин сыныбы) және Бейжің Консерваториясын (Го Шу Джен сыныбы) бітірген.

Репертуарындағы көптеген шығармалар Қазақстан сахнасында бұрын соңды орындалмаған. Опералық және концерттік репертуарын асқан талғампаздықпен таңдап, үлкен еңбекқорлық пен ізденістің үлгісін көрсетіп келеді.


Соңғы жаңалықтар