Майра Мұхамедқызы «Бүкіләлемдік дұғаны» орындап, дәрігерлерге алғыс айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда «Бүкіләлемдік дұға» атты әлемдік танымал туындыға клип түсірілді. Бұл туралы ҚазАқпарат Театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Астана Опера» жетекші солисі Майра Мұхамедқызы дүниежүзі дәрігерлеріне арнап «Бүкіләлемдік дұғаны» орындады.




«Мен барлығы үшін ән салмаймын, мен әрбір адам үшін ән саламын. Бүгінде дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жанкештілігі мен табандылығына төрткүл дүние қайран қалуда. Бүгінгі күннің батырлары бұл – басқаның өмірі үшін шыбын жанын шүберекке түйіп, күндіз-түні қызмет етіп жүрген дәрігерлер. Жер-жерде коронавирусқа шалдыққандар саны артуда. Дегенмен, жазылып шыққандардың саны да аз емес. Әрине бұған ақ халатты абзал жандардың ерен еңбегінің арқасында қол жеткізіп жатырмыз»- деп атап өтті атақты әнші Майра Мұхамедқызы.

Айта кетсек, «Хабар» Агенттігі ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Астана Опера» МОБТ-мен бірге дәрігерлерге арнап «Бүкіләлемдік дұға» атты әлемдік танымал туындыға клип түсірді. Бұл грек композиторы Вангелистің классикалық шығармасы. Бұған қоса клипте коронавируспен күресіп жүрген дүниежүзі дәрігерлері туралы кадрлар да қолданылды.


Соңғы жаңалықтар