Майнерлерге тауарлы газ қанша теңгеден сатылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Цифрлық майнингке арналған электр энергиясын өндіретін ұйымдар үшін тауарлы газдың шекті бағасы бекітілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес, тауарлы газды жылдық тұтыну көлемі 10 млн текше метрден асатын ірі коммерциялық тұтынушыларға және цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіретін тұлғаларға ҚР ішкі нарығында тауарлы газды көтерме саудада өткізудің 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағасы бекітілсін», - делінген Энергетика министрінің Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрығында.

Қосылған құн салығын есептемегенде енді цифрлық майнинг саласындағы ұйымдарға 1 мың текше метр газдың шекті құны мына мөлшерде бекітілмек:

Астана қаласы - 43 361 теңге;

Алматы қаласы - 53 254 теңге;

Шымкент қаласы - 49 390 теңге;

Ақмола облысы - 43 361 теңге;

Ақтөбе облысы - 19 619 теңге;

Алматы облысы - 53 254 теңге;

Атырау облысы - 13 712 теңге;

Батыс Қазақстан облысы - 18 078 теңге;

Жамбыл облысы - 49 055 теңге;

Жетісу облысы - 53 254 теңге;

Қарағанды облысы - 43 361 теңге;

Қостанай облысы - 40 353 теңге;

Қызылорда облысы - 35 017 теңге;

Маңғыстау облысы - 21 961 теңге;

Түркістан облысы - 49 390 теңге;

Ұлытау облысы - 43 361 теңге;

Шығыс Қазақстан облысы - 9 076 теңге.

Министр бұйрығы 13 маусымға дейін көпшілік талқысында болады.


Соңғы жаңалықтар