Майнерлер үшін электр энергиясының квотасын бөлу құзыреті Энергетика министрлігіне беріледі

None
Фото: edu-cisco.org
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика министрлігіне бірнеше маңызды құзырет беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет қаулысымен ҚР Энергетика министрлігіне төмендегі құзыреттер беріледі:

- мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай операторды айқындайды;

- магистральдық құбыр салу туралы шешім қабылдайды;

- өнім түрлері бойынша ұлттық операторларды айқындайды, сондай-ақ олар туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді;

- «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңына сәйкес, цифрлық майнерлерді электр желілеріне қосуға қойылатын талаптарды айқындайды;

- цифрлық майнерлер үшін электр энергиясына квотаны айқындау тетігін бекітеді;

- электр энергиясын көтерме тұтынушылар болып табылатын цифрлық майнерлердің қаржы-есеп айырысу орталығынан электр энергиясын сатып алу тәртібін айқындайды.

«Қаулы жобасын қабылдау Энергетика министрлігіне реттелетін салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды жедел жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қаулыны іске асыру үшін мемлекеттік бюджеттен қаражат талап етілмейді және теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық салдарға әкеп соқпайды», - деп түсіндірме берілген «Ашық» НҚА порталында жариялан қаулыға.

Құжат 13 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.


Соңғы жаңалықтар