Майнердің бір компьютері қанша электр шығындайды – Бағдат Мусин түсіндірді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші министрі Бағдат Мусин Facebook парақшасында майнинг фермалардың елдегі энергетикалық жүйеге тиігізіп жатқаны зияны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы уақытта ақпараттық кеңістікте майнинг мәселесі жиі талқыланып жатыр. Біздің энергожүйеге «сұр майнерлердің» зардабы тиюде. Қазір заңсыз майнингтің энергия шығыны 1 гигаваттан (ГВт) асады екен. Мәселен, барлық қосалқы құрылғысын еқосқанның өзінде бір компьютердің тұтынатын қуаты 1000 ваттан аса қоймайды. Яғни әлгі компьютер 1 ГВт электр қуатын тұтыну үшін 100 жылдан астам уақыт дамылсыз жұмыс істеуі қажет. Бұл орайда «сұр» майнерлердің энергетикалық жүйеге түсіріп жатқан ауыртпалығы мен зиянын дәл бағамдау оңай емес», - дейді министр.

Сонымен бірге, ол майнинг өндірісінен салық алыну керек деген ұстанымды қолдайтынын айтады.

«Бастысы, бұл кәсіпке де салық салынуы тиіс. «Сұр майнинг» – экономикалық қылмыс, салық төлеуден жалтару! Ал қылмыс жасағандар жауапқа тартылуға тиіс», - деген Бағдат Мусин «сұр майнерлердің» локациясы туралы ақпараты бар азаматтарға, деректерді мына электрондық мекенжайларға хабарлама жіберулеріңізді (жасырын түрде хабарлауға болады) сұрап отыр:

[email protected]

[email protected]

[email protected].


Соңғы жаңалықтар