Маймыл шешегінен 70-тен астам ел зардап шекті - ДДҰ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бас директорының төтенше жағдайлар жөніндегі көмекшісі Ибрагима Сосе Фолл жылдам таралып жатқан маймыл шешегін тоқтату үшін елдер ынтымақтастығын арттыруы керек екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтар орталығының сайтына сілтеме жасап.

23 шілдеде ДДҰ вирустың таралуын денсаулық сақтау саласындағы халықаралық деңгейдегі жаһандық төтенше жағдай деп жариялады . Бұл – ұйым жүйесіндегі қауіптің ең жоғары деңгейі. ДДҰ үйлестіруді, елдердің ынтымақтастығын және жаһандық ынтымақтастықты күшейтуге тырысып отыр.

«Әлем бұл адамдарды ұлтына, түсіне немесе дініне қарамастан қорғауы керек. Менің ойымша, бұл өте маңызды, қазір 70-тен астам ел зардап шеккен кезде бәрі әрекет ете бастайды» , – деп атап өтті доктор Фолл.

Доктор Фоллдың айтуынша, егер біз тек Еуропа мен Америкада кездесетін науқастарды емдейтін болсақ, онда біз нақты ауруды емес, маймыл шешегінің тек белгілерін ғана жоямыз. Бұл аурумен күресу үшін бүкіл әлемнің жұмылуы аса маңызды.

«Бізде Конго Демократиялық Республикасы, Нигерия, Орталық Африка Республикасы, Камерунда көптеген жағдайлар болды, сондай-ақ Гана, Бенин сияқты басқа да елдерде жекелеген жағдайлар кездесті. Менің ойымша, әлем ауылдық жерлердің тұрғындарын қорғауға инвестиция салатын уақыт келді», - деді доктор Фолл.


Фото: wyomingpublicmedia.org




Соңғы жаңалықтар