Майқұдықта үйдің кіреберісінен табылған нәрестені жаңа отбасы асырап алды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Көктемде Қарағанды қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде кіреберіске тастап кеткен екі айлық сәбиді жаңа отбасы асырап алды. Полиция қызметкерлері сәбидің биологиялық анасын таппады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, 3 наурызда Қарағанды қаласындағы Майқұдықта көпқабатты үйдің кіреберісінен тұрғындар тастанды сәбиді тауып алған болатын.

Бір ерекшелігі балаға таза және қымбат киім кигізген. Соған қарағанда, осы жайтқа дейін оны жақсы күткені байқалады.

Алайда тәртіп сақшылары қыздың биологиялық ата-анасын ақыры таппады.

Бірнеше айдан кейін, барлық тиісті рәсімдерден кейін баланы қарағандылық бір отбасы асырап алды.

Алайда, баланың құжаттарын рәсімдеуде белгілі бір қиындықтар туындады.

Заңға сәйкес, егер нәрестені көшеде тастап кеткен болса, онда қамқоршылық органдары оны бір апта ішінде құжаттау туралы мәлімдеуі тиіс.

Бірақ қорғаншылық қызметкерлері полицияның тергеуіне байланысты мұны уақытында жасай алмаған.

«1 шілдеден бастап әкімшілік іс жүргізу кодексі күшіне енді және біз шағым бердік. Бірақ бастапқыда сотқа емес, жоғары тұрған мекемеге шағымдануымыз керек еді. Бұл жағдайда Қазыбек би атындағы аудан әкімдігінде жаздық. Біз оларға хат жазып, баланы құжаттандырдық», - деп түсіндірді Қарағанды білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің меңгерушісі Әсем Ерішева.

Белгілі болғандай, бұл сәбиді көп отбасылар асырап алғысы келген.

Барлық үміткерлерді сараптай отырып, қамқоршылық органы сәбиді жақсы ата-анаға беру туралы шешім қабылдаған.

Енді ол жаңа отбасында тұрып жатыр.


Соңғы жаңалықтар