Майқайың - Екібастұз тас жолында автобус жанып кетті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат  - Майқайың кентінің жанында автокөлік отқа оранды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 10.30-да көліктің өртенгені туралы кезекшілік бөліміне хабарлама түскен. Сағат 11.10-да толығымен сөндірілген.

«Майқайың - Екібастұз тас жолындағы автобустың 17 шаршы метр аумағы толығымен жанып кетті. Көлік «Майқайың-Алтын» АҚ Талдыкөл разрезіне тиесілі. Құтқарушылар келгенге дейін разрездің алты жұмыскері өздігінен сыртқа шыққан», - дейді департаментте.

 Оқиға орнында жеке құрамнан үш адам мен бір техника жұмыс істеді. Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі мен өрттің шығу себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ. nullnull

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Полезный Экибастузец (@poleznyi_ekibastuzets) 26 Ноя 2018 в 10:08 PST

Соңғы жаңалықтар