Майк Тайсонның келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Суперауыр салмақта бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Майк Тайсон рингке биылғы жылдың күзінде оралмақ. Бұл туралы боксшының жаттықтырушысы Рафаэль Кордейро мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, өткен жылдың соңында «Темір Майкл» рингтің тағы бір аңызға айналған тұлғасы – кіші Рой Джонсқа қарсы көрме жекпе-жегін өткізген. Жастары ұлғайған екі боксшы барлық дистанциядан өтіп, жұдырықтасуды тең есеппен аяқтады.

«Біз жаттығуымызды жалғастырып жатырмыз. Ол – жаттығуын үзбейтін мықты спортшы. Қыркүйекте кездесу өтеді деп ойлаймын. Келесі қарсыластың кім болатынын білмеймін. Оның Legends Only League компаниясы осы жағынан жұмыс жүргізуде, теледидармен келіссөздер өткізіп, кестені ойластырып жатыр. Біз болсақ, жаттығып жатырмыз. Қыркүйек айында жұдырықтасуға шығамыз», - деді Кордейро.


Соңғы жаңалықтар