Майк Тайсон мен Рой Джонстың жекпе-жегін қазақстандықтар тікелей эфирден көре алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Майк Тайсон мен Рой Джонс арасындағы бокс кешін тікелей эфирде көреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
29 қарашада Калифорниядағы Карсон қаласында Dignity Health Sports Park аренасында 54 жастағы Майк Тайсон мен 51 жастағы Рой Джонс арасындағы жекпе-жек өтеді. Кездесу елорда уақытымен 07:50-де басталады. Кәсіпқой боксшылардың жұдырықтасу кешін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Жекпе-жек форматы - 2 минуттан 8 раундты құрайды. Спортшылар рингке шлемсіз және
Жеңімпаз үшін Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) арнайы белбеуі табысталады. Бұл белдеу Frontline Battle Belt («Майдан шебіндегі шайқас белбеуі») деп аталды.
Айта кетсек бұған дейін Майк Тайсон шаршы алаңға оралатыны туралы сұхбат берген еді.
«Мен салмақтан арыла бастадым. Сосын күйеубалам маған 30-40 миллион доллар үшін жұдырықтасуға ұсыныс болып жатқанын жеткізді. Ол маған бұл адамның Боб Сап екенін айтты. Ақыры, біз онымен жұдырықтасатынымыз туралы келістік. Дайындық пен өзіңді қалпына келтіру – екі түрлі нәрсе. Өзіңді қалпына келтіру – бұл күнделікті киіміңді кигенмен тең. Ал бұрынғы қалпына оралу – өз жаныңның сыртына шығып кеткенмен бірдей. Бұны автоматты түрде жасау мүмкін емес», - деп атап өтті Майк Тайсон.
- Қазақстандық теннисші Анталиядағы ATP Challenger турниріне қатысады
- Қазақстанның үздік теннисшілері рейтингтегі орнын сақтап қалды
- Олимпиадалық іріктеу: Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы алтыншы орын алды
- Бразилияда футболшылар мінген ұшақ апатқа ұшырап, 6 адам мерт болды
-
Қазақстандық спортшы конькимен жүгіруден әлем кубогі кезеңінде рекордын жаңартты
-
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі үшін қанша гонорар төленді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам