Майк Тайсон боксқа оралуы туралы: Төсектен бір апта тұра алмадым

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бокс әлемінде аты аңызға айналған 54 жастағы Майк Тайсонның бір немесе бірнеше жекпе-жек өткізу үшін боксқа қайтып оралатыны туралы жаңалығын көпшілік қызу талқылауда. Боксшы кіші Рой Джонспен жекпе-жекке шығатыны туралы келісті. Бұл туралы ҚазАқпарат Sport.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бәрі Майктың бір снарядты ширақ соққылап отырғаны жазылған қысқа видеодан басталған.

«Сендерге бірдене айтайын. Қысқасы, мен бұл 30 секунд видеоны жазып алғаннан кейін бір апта төсек тартып қалдым. Бұл күлкілі жағдай емес», - деді Тайсон.

Майк боксқа оралу идеясы қайдан шыққаны еске алды.

«Мен зайыбыммен артық салмағым туралы әңгімелескен едім. Ол маған: «Жүгіру тренажерімен күніне 15 минут жаттықсаң қайтеді?» деген. Ақыры сол 15 минут күніне 2 сағат жаттығуға айналды», - дейді Майк.

«Мен салмақтан арыла бастадым. Сосын күйеубалам маған 30-40 миллион доллар үшін жұдырықтасуға ұсыныс болып жатқанын жеткізді. Ол маған бұл адамның Боб Сап екенін айтты. Ақыры, біз онымен жұдырықтасатынымыз туралы келістік. Дайындық пен өзіңді қалпына келтіру – екі түрлі нәрсе. Өзіңді қалпына келтіру – бұл күнделікті киіміңді кигенмен тең. Ал бұрынғы қалпына оралу – өз жаныңның сыртына шығып кеткенмен бірдей. Бұны автоматты түрде жасау мүмкін емес», - деп атап өтті Майк Тайсон.

Еске салсақ, бұған дейін Майк Тайсон мен кіші Рой Джонстың жекпе-жегі 12 қыркүйекте Калифорнияда (АҚШ) өтетіндігі туралы хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар