Майк Помпео: Келіссөздер Қазақстан мен АҚШ қарым-қатынасының болашағы жарқын болатынын көрсетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Қазақстанмен әріптестіктің басты бағыттары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік хатшының айтуынша, АҚШ Қазақстанның іскерлік досы болғанын және солай болып қалатынын айтты.

«Қазақстан Тәуелсіздік алғалы АҚШ-пен ядролық қаруды таратпау және ядролық қауіпсіздікке қатысты сұрақтар бойынша тығыз жұмыс істеуде. 2018 жылы АҚШ Президенті Дональд Трамп ҚР Тұңғыш президенті - Елбасын қабылдады. Біздің келіссөздер екі елдің болашағы жарқын болатынын тағы бір айқындап отыр. Мен Мемлекет басшысы мен ҚР Тұңғыш Президентімен болатын бүгінгі кездесуді асыға күтудемін. Президент Тоқаев демократияның экономикалық дамуын нығайтуға бағытталған бағдарламалық реформалары туралы, сондай-ақ қоғамның Үкіметке деген сенімін нығайту туралы баяндады. Біз бұл қадамдарды қолдаймыз», - деді Майк Помпео.

Сондай-ақ, ол Қазақстан қай мемлекеттермен іскерлік қарым-қатынаста болуды керектігі туралы таңдау мүмкіндігін толық қолдайтындарын айтты.

«Мен америкалық компаниялармен серіктес болу кез келген мемлекет үшін жақсы нәтиже көрсететініне сенімдімін. Бұл өте жақсы келісімдер, олар жұмыс орындарын ашады. Келісімдердің ашықтығы және жұмыс сапасын қамтамасыз ету - америкалық жүйе дәл осылай жұмыс істейді», - дейді АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы.


Соңғы жаңалықтар