+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Мәйіттер сараптамада, жаназалары туралы ештеңе айта алмаймыз - қаза болған ағайындылардың туыстары

2016 жылғы 24 қыркүйек 20:08
Бөлісіңіз:
Мәйіттер сараптамада, жаназалары туралы ештеңе айта алмаймыз - қаза болған ағайындылардың туыстары

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бауырларымыздың мәйттерін әлі алғанымыз жоқ, дейді Алматы облысы Ұзынағаш ауылында мал сатып, кейін із-түзсіз жоғалып кеткен жігіттердің туысқаны Тұрсын Әлімхан «ҚазАқпарат» тілшісіне.

«Мәйіттерді сараптамаға алып кеткен. Әлі берген жоқ. Жаназалары туралы ештеңе айта алмаймыз. Ұсталғандардың аты-жөнін бізге әлі айтқан жоқ», - деді Зарлыханұлы Мұқият пен Әлімхан Қадылбектің ағайыны Тұрсын Әлімхан.

Еске сала кетейік, өткен жексенбіде БАҚ-та Алматы облысы Жамбыл ауданында мал саудасымен айналысып жүрген үш жігіттің жоғалып кеткені туралы хабарланған болатын.

Марқұмдардың туысқандарының айтуынша, Долданұлы Жарқынбек (1979 жылы туған), Зарлыханұлы Мұқият (1973 жылы туған), Әлімхан Қадылбек Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданынан сатып алған 40 бас малды екі жүк көлігімен 17 қыркүйек күні Ұзынағаш базарына шығарған. Содан кейін олар із-түзсіз жоғалып кеткен.

Еске салайық, бүгін Алматы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен із-түссіз жоғалған үш ағайындының өліміне күдіктілер ұсталғаны хабарланды.

«Облыстық ІІД басшысының бірінші орынбасары подполковник Нұрлан Мәсімов басшылық еткен іздеу шараларына аудандық және аймақтық полицейлер де жұмылдырылды. Жоғалғандарды өлтірді деген күдікпен Жамбыл ауданының екі азаматы ұсталды. Жәбірленушілердің денелері табылды. ҚР ҚК 99-бабы, 2-бөлімі бойынша (Кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалды», - делінген баспасөз қызметінің хабарында.

Кісі өлтіру фактісі бойынша тергеу жұмыстары Алматы облыстық Ішкі істер департаменті басшылығының қатаң назарында.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Серік Жолдасбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT