Майдангерлердің суреттері ілінген көліктер Алматы көшелерін аралап өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жеңіс күніне арналған автошеру өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеңес Одағының Батырлары, Екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан ата-бабалары - майдангерлердің портреттері жапсырылған  20 шақты  автокөлік қаланың орталық көшелерімен жүріп өтті.
null 

Ерекше акция 9-мамыр Жеңіс күніне орай арнайы ұйымдастырылды.

nullАвтошеру Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саябағында, Панфилов көшесінде, Астана алаңында, Тәуелсіздік монументі орналасқан орталық алаңда, 28 Панфиловшылар атындағы саябақта болды.

null«Бұл шараны ұйымдастырғандағы мақсат - елі үшін ерлікпен қаза тапқандарға құрмет көрсету. Тұрғындар назарын ата-бабаларымыздың ерлігіне аудару, еске алу, жас ұрпақтың соғыста ерлікпен қаза тапқандарға деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімін оятуға үлес қосу, өскелең ұрпақты патриоттық сезімге баулу, адамгершілік құндылыққа, белсенді өмір салтына тәрбиелеу болып отыр», - деді жоба жетекшісі Әлібек Абдулла.

nullАталған акция  Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 9-мамыр Жеңіс күніне,  майданда ерлікпен қаза тапқан ерлер рухына арналады.

nullДәл осы шара ертең Астана қаласында жалғасатын болады.

Соңғы жаңалықтар