+7 (701) 759 90 19
USD 376.43 EUR 407.11
RUB 5.76 CNY 53.55
Jańalyqtar

Майдангер Әбу Досмұхамбетовтың сүйегі Қазақстанға жеткізіліп, қайта жерленеді

2020 жылғы 22 қаңтар 14:33
Бөлісіңіз:
Майдангер Әбу Досмұхамбетовтың сүйегі Қазақстанға жеткізіліп, қайта жерленеді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Совет одағының Батыры Әбу Досмұхамбетовтың туған-туыстары майданда ерлікпен қаза тапқан жауынгердің сүйегін Қазақстанға әкеліп жерлемек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

СҚО-ның тумасы, Әбу Досмұхамбетовтың туғанына биыл 100 жыл толады. 19 жасында Қызыл әскер қатарына алынып, 1941 жылы кіші лейтенанттар курсын тәмамдаған соң 1942 жылы майданға аттанды. Бір жылдан кейін Украинаның Чернобыль қаласының маңында денесіне мина байлап, жау танкісінің астына түскен жауынгер ерлікпен қаза тапты. Сол кезде жасы небәрі 23-те болған. Әбу Досмұхамбетовтың артында тұяқ қалмады.

Майдан даласында қалған денесі тек 1966 жылы табылып, Чернобыль қаласының Даңқ аллеясына жерленген. Енді оны Әбудің іні-қарындастарынан тараған ұрпақ туған елге әкеліп жерлемекші.


«Әбу Досмұхамбетов - шешемнің туған ағасы. Нағашымның туып-өскен жері – Приишим деп аталады. Биыл Жеңістің 75 жылдығына және батыр атамыздың ғасырлық тойына орай, оның сүйегін туған елге әкеліп жерлеуді ниет еттік. Бұл, ең алдымен, кейінгі жастарға керек», - дейді майдангердің жиені Серғали Кінәлбаев.

1986 жылы Чернобыльде болған апатқа дейін батырдың туыстары бірнеше рет басына барып, Құран оқыған. Қазір зиратқа өту мүмкін емес.


«Чернобыльдегі апаттан кейін, онда барып-келуге немесе моласын күтіп ұстауға ешқандай мүмкіндік болмай қалды. Ол апаттан кейін 30 жыл өтті. Қазір ол жер мүлдем қараусыз қалды. Сол себепті, атамыздың сүйегін алып кету үшін Украинаның Сыртқы істер министрлігінен рұқсат сұрап, құжат жібердік. Олар қарсылық білдірмеді, қазір қажетті құжаттарды жинап жатырмыз», - дейді Әбу Досмұхамбетовтың күйеу баласы Сейдіғапар Мамадалиев.

Борышты атқару үшін туған-туыстары Әбу Досмұхамбетов атындағы қор ашпақ. Жиналған қаражат Украинадан жауынгердің сүйегін алып келуге жұмсалатын болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT