Майданда қаза тапқан атыраулық жауынгердің сүйегі туған ауылына жерленеді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат- 1942 жылдан бері із-түзсіз жоғалып кеткен жауынгердің сүйегі табылып, еліне жеткізілді. Атыраудағы Жеңіс саябағында Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгермен қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1940 жылы 20 жасында Гурьев облысының бұрынғы Новобогат ауданының (қазіргі Исатай ауданы) тұрғыны Бейсенғали (Бисеш) Малдыбаев әскерге шақырылған. 1941 жылы, полк мектебін бітіргеннен кейін сержант Малдыбаев Эстонияның ССР аумағына 268-ші атқыштар дивизиясы құрамына жіберілді. Кейін Ленинград облысында, Колпино маңындағы шайқаста болған. Бисеш Малдыбаев Тосна өзеніндегі шайқастарда қаза болды.

Жерлесіміздің сүйегін шайқастарда қаза болған жауынгерлерді іздеумен айналысатын «Горячий снег» тобының еріктілері тапты. Жауынгердің мойнындағы тұмарында (капсула) ол туралы деректер сақталған. 77 жылдан кейін оның сүйегі туған жерінде жеткізіліп, жерленеді.

«Соғыстда қаза тапқан миллиондаған жауынгерлер, хабар-ошарсыз кеткен қаншама адам қаншама. Мыңдаған қазақстандықтар, оның ішінде Атырау тұрғындары қаза тапты. Біздің отандастарымыздың 25 мыңы шайқас алаңында қалды. Көптеген адамдардың тағдыры белгісіз. Оларды естен шығармауымыз қажет. Қазір іздестіру топтарының, еріктілердің арқасында біздің жауынгерлеріміздің есімдері мен сүйектері еліне жеткізілді. Оларға алғысымыз шексіз», - деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Ол жауынгерлердің есімдерін есте сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Бейсенғали Малдыбаевтың сүйегін туған жеріне қайтарылады. Олар жауынгердің денесімен қоса оның пальтосының бөлігін тапты, ол «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен марапатталған. Марқұмның туыстарының айтуынша, үш бауыры майданға аттанған, олар: Кенжәли, Бердіғали, Бейсенғали. Олардың анасы Жәміш Малдыбаева 1957 жылы қайтыс болғанға дейін, жоғалған балаларын іздеумен айналысты, түрлі мекемелерге хаттар мен өтініштер жіберіп келген.

Биыл көктемде, Кенжәли Украинаның Днепропетровск қаласының маңындағы Сошино ауылындағы бауырластар зиратында жерленгені белгілі болды. Бейсенғалидің көмілген жері Ленинград облысының Колпинск ауданындағы Усть-Тосненск стансасының жанынан табылды. Бердіғали туралы әзірге ешқандай ақпарат жоқ.

Жеңіс саябағында салтанатты рәсімнен кейін жауынгердің сүйектері Исатай ауданындағы Хамит Ерғалиев ауылына, туған жеріне жерленеді.

Соңғы жаңалықтар