+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Майами көрмесінде Пикассоның жұмысы ұрланды

2014 жылғы 7 желтоқсан 14:52
Бөлісіңіз:
Майами көрмесінде Пикассоның жұмысы  ұрланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испандық суретші әрі мүсінші Пабло Пикассоның қолымен жасалған күміс табақ Майами қаласында өткен «Арт Базель» заманауи өнер фестивалі кезінде ұрланған. Жоғалған бұйым 85 мың долларға бағаланады, деп хабарлайды Agence France-Presse.

Полицияның ақпаратынша, ұрлық 5 желтоқсанның түнінде жасалды. Көрме залдары тәулік бойы күзетіледі, алайда бейнебақылау таспалары барлық нүктелерде орнатылмаған. Ұрлықты жасау сәті тіркелмеді.

Қылмыскерлер көрмеде одан да бағалы жәдігерліктер, соның ішінде құны 365 мың доллар тұратын қыш бұйымдары болғанымен, өздерімен бірге тек бір өнер туындысын ғана алып кетті.

Visage aux mains деп аталатын табақ Пикассоның 1956 жылы жасаған 20 күміс бұйымдарының бірі болып табылады.

Майамиде жыл сайын желтоқсанда өтетін «Арт Базель» фестивалінің аясында түрлі көрмелер, кештер және басқа да шаралар ұйымдастырылады. Осы жылы ол 4-7 желтоқсан аралығында өтуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

#Әлем  
Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT