16:28, 11 Қараша 2020 | GMT +6
Мая Бекбаева мен Закиржан Кузиев ҚХА төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚХА төрағасының жаңа орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Мемлекет басшысының өкімдерімен Майя Толегеновна Бекбаева және Закиржан Пирмухамедович Кузиев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімдерімен Юсуп Хасанович Келигов және Шерзод Аббозович Пулатов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.