Май ауданында маралдар пайда болды - Павлодар облысы

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат -Павлодар облысында сібір және дала еліктерінен басқа қызыл бұғының тағы бір түрі пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің басшысы Аждар Жүсіпов айтты.
- Май ауданындағы алқапта орманшылар патрульдеу кезінде аналық марал мен баласын көрді, видеода тек төлі ғана түсіп қалған, - деді Аждар Жүсіпов. - Сібір және дала еліктерінен басқа енді жайылмада маралдар да пайда болды.

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысында елік адамға көбірек сене бастаған.
Сарапшылар бұл коронавирус пандемиясымен байланысты ма екеніне қатысты сұраққа жауап бере алмады. Дегенмен аймақта соңғы жылы сібір елігі санының артқаны байқалды.


Соңғы жаңалықтар