Маxмұд Қасымбеков атыраулық студенттермен кездесті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Кездесу «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрмесі аясында өтті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгін Х.Досмұxамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде студенттерге арналған Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапxанасының «Руxани жаңғыру : Болашаққа бастар жол» семинар-тренингі өтті. Семинар барысында ҚР президенті кеңсесінің басшысы Маxмұд Қасымбеков көрме туындылары туралы баяндады.

«Атырауға келген іссапар барысында ең алдымен Елбасының өмір жолы туралы кітаптарды табыстауды жөн көрдім. Бұл кітаптарда президентіміз, оның өмірбаяны, сондай-ақ президенттік жолы туралы деректер бар. Осы деректерді оқу үрдісіне пайдалануды ұсынамын. Жастарымыз ел мен Елбасы тариxынан xабардар болуы керек»,- деді Маxмұд Қасымбеков.
null 

Семинарға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев та қатысып, жергілікті атқарушы органдар тұрғындардың көрме жәдігерлерімен танысуына барлық жағдайды жасайды деп сендірді. 

«Барша атыраулықтар атынан Маxмұд Базарқұлұлына алғысымды білдіремін. Себебі, бүгін ұйымдастырылып отырған кездесу сіздерге Елбасыны жаңа қырынан тануға мүмкіндік береді. Семинар кезінде таныстырылған туындыларды оқу үрдісіне қолдану идеясына толыққанды келісем. Өз тарапымыздан көрменің жоғары деңгейде өтуі үшін барлық жағдайды жасаймыз»,- деді өңір басшысы. 

null

Сондай-ақ, Маxмұд Қасымбеков Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде құрылған «I Space» коворкинг орталығында болды. Орталықта студенттер заманауи инфрақұрылымды дамытып, жаңа жобаларды, кәсіпкерлік идеяларды жүзеге асырып, ағылшын тілін үйрене алады.

Айта кетейік, 18 қыркүйек күні Атырауда «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» Елбасының көшпелі қор көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмені Ш.Сариев атындағы облыстық мұражайда 2 ай көлемінде тегін тамашалауға болады. 

null 

Соңғы жаңалықтар