Маусымның 30-ында Астанада «Алтын Гефест» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді

None
None
АСТАНА. Маусымның 14-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Маусымның 30-ында «Риксос» қонақ үйінде Қазақстан Республикасының тау-кен және металлургия ісіндегі үздік атағы - «Алтын Гефест» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Бұл туралы «Expo.kz» ЖШС ұйымдастыру комитетінен хабарлады.

Байқау «Astana Minerals & Metallurgy-AMM 2010» Минералдық ресурстар және металлургия бойынша бірінші қазақстандық халықаралық конгресс аясында өткізіледі. Байқауға жұмыстарды қабылдау ағымдағы жылғы наурыздың 1-і мен маусымның 10-ы аралығында өтті.

Байқау 12 аталымнан тұрады: «Жыл маманы» (екі аталым «Кәсіби-практик» және «Ғалым-педагог»), «Жыл жобасы», «Үздік экологиялық бағдарлама», «Үздік әлеуметтік бағдарлама», «Үздік инновациялық бағдарлама», «Жыл серпіні», «Жыл адамы», «Үздік журналистік жұмыс», «Үздік дипломдық жұмыс», «Жыл мерейтойы» (екі аталым «Кәсіби» және «Компания»).

Қазылар алқасының құрамына салалық министрліктер мен мемлекеттік құрылымдардың ресми тұлғалары, Қазақстан Республикасының тау-кен металлургиялық кәсіпорындарының құрметті өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, салалық қауымдастықтар өкілдері кіреді.

Соңғы жаңалықтар