Маусымнан бері теңге бағамы сыртқы негізгі көрсеткіштерге тәуелді емес - сарапшы
2022 жылғы 8 тамыз 16:30

Маусымнан бері теңге бағамы сыртқы негізгі көрсеткіштерге тәуелді емес - сарапшы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев теңге бағамына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маусымнан бері теңге бағамына сыртқы негізгі көрсеткіштер әсер етіп жатқан жоқ. Теңге бағамы ресми түрде 4 негізгі факторға – мұнай бағасына, ресейлік рубль бағамына, ішкі факторларға және доллар индексіне байланысты қалыптасады», - деді Андрей Чеботарев агенттік тілшісіне берген сұхбатында.

Оның атап өтуінше, осы жылдың маусымында теңге бағамы аталған факторлардың барлығынан тәуелсіз қалыптаса бастады.

«Маусымда ол бүкіл факторлардан ажырады. Теңге тіпті мұнай бағасы қымбат болған кезде де, рубль нығайғанда да және ұзақ уақыттан бері алғаш рет ағымдағы төлем есепшотында профицит болғанда да әлсіреді. Яғни, мұнай бағасының арқасында ұзақ уақыттан бері алғаш рет сатып алғаннан гөрі экспортқа тауарды көп шығардық, оның құны - 2,2 млрд АҚШ доллары болды. Сауда балансы есебінен профицит қалыптасты», - деп түсіндіреді сарапшы.

Андрей Чеботаревтің айтуынша, қазіргі уақытта мұнай бағасының құлдырауына қарамастан теңге құнсызданған жоқ.

«Қазір мұнай бағасы 106 доллардан 92-93 долларға дейін құлдырағанына қарамастан теңге әлсіреген жоқ. Меніңше, бұл әдейі жасалып отыр. Ұлттық банкте мұндай тәжірибе бұған дейін де болған. Біз «әлсіз» теңге саясатын қолданамыз. Бұл теңге бағамы болжамды болуы үшін әдейі жасалады», - деді Андрей Чеботарев.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT