Маусымда бір қызметкердің орташа айлық жалақысы қанша болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылғы мамырда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 84206 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылғы мамырда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 84206 теңгені құрады. бұл 2017 жылғы мамырға қарағанда 5,1 пайызға жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 1,1 пайызға төмендеді», - делінген ҚР ҰЭМ Статистика комитеті таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, 2018 жылғы маусымда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 163604 теңге болды.

Ал 2018 жылғы маусымда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 434,4 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санының 4,8 пайызына тең. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2018 жылғы маусымның соңында 149,5 мың адамды  немесе жұмыс күшінің 1,7 пайызын құрады.

Соңғы жаңалықтар