Маусым айында Парламентке «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы енгізіледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ғылым және жоғары білім министрлігіне маусым айында Парламентке «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасын енгізуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ғылымның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында Парламентпен жеке инвестициялар үшін қосымша преференциялар енгізуді пысықтау жұмыстарын жеделдету қажет», - деді Әлихан Смайылов.

Оның пайымынша, ғылым саласының заңнамалық базасын қайта қарау керек.

«Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заң жобасын әзірлеп, оны маусым айында Парламентке енгізу қажет», - деді Үкімет басшысы.


Соңғы жаңалықтар