Маусым айында Нұр-Сұлтан - Прага әуе рейсі ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «SCAT» әуе компаниясына Нұр-Сұлтан - Прага - Нұр-Сұлтан халықаралық әуе бағытына ұшу сертификатын берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Авиация комитетінің дерегіне сүйенсек, «Нұр-Сұлтан - Прага - Нұр-Сұлтан бағыты бойынша жаңа әуе маршрутының ашылуы қарсаңында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтың Қазақстандағы Чехия Республикасының елшісі Рудольф Хиклмен кездесуі өтті. Кездесу барысында екі ел арасындағы тікелей әуе рейстерінің ашылу мәселесі талқыланды.

«Азаматтық авиация комитеті Қазақстанның халықаралық бағыттарға ұшу географиясын кеңейту жөніндегі жұмыс аясында «SCAT» әуе компаниясына Нұр-Сұлтан - Прага - Нұр-Сұлтан халықаралық әуе бағытына ұшу сертификатын берді. Компания осы жылдың маусым айынан бастап, аталған бағытта аптасына 2 рейс жиілігімен Boeing-737 ұшағында тұрақты рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр», - делінген хабарламада.

Комитеттің мәліметінше, аталған рейстің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды, сондай-ақ еліміздің транзиттік әлеуеті мен туристік саласын дамытуға ықпал етеді.

Одан бөлек, кездесуде Чехияда өндірілген шағын авиацияның ұшақтарын жеткізу және елімізде ұшқыштарды дайындау мәселелері талқыланды.

Соңғы жаңалықтар