Маусым айында ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао Қазақстанға ресми сапармен келеді

None
None
АСТАНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Маусым айында ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы бүгін Ақордада ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің мүшесі - Қоғамдық қауіпсіздік министрі Мэн Цзяньчжумен кездесу кезінде ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Тәжин айтты.

Биылғы ақпанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға сапары болғанын еске салып өткен Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, осы сапар аясында екіжақты өте маңызды келісімдерге қол жеткізілгеніне тоқталды.

«Алдағы маусым айында ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаоның ресми сапары біздің елдердің стратегиялық әріптестігін нығайтуда маңызды оқиға болады деген сенімдеміз»,-деді М. Тәжин.

Соңғы жаңалықтар