Маусым айында Қазақстан халқының саны 17 млн.-нан асты

None
None
АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - 2013 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны 17 млн. 10,6 мың адамды құрады.

Бұл ретте, жыл басынан бері халық саны 0,6 пайызға өсті.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысы халқының саны жыл басынан бері 25 мыңға өсіп, 2,7 млн. адамға дейін, Алматы облысында 16,5 мыңға өсіп, 1,963 млн.-ға дейін, Маңғыстау облысында 8,1 мыңға артып, 575,9 мың адамға дейін жеткен. Ал Астана халқының саны қаңтар-мамыр айларында 12 мың адамға артып (7,2 мың - табиғи, 4,8 мың - миграциялық өсім) 790,2 мыңға дейін, Алматыда 8,8 мыңға (сәйкесінше, 6,5 мың және 2,3 мың адам) көбейіп, 1 млн. 484,2 мыңға дейін өскен.

Сонымен бір мезгілде, Солтүстік Қазақстан облысы халқының саны 1051 адамға кеміп, 578,4 мыңға дейін төмендеді.

Соңғы жаңалықтар