Маусым айында қай өңірде пәтер көп сатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  2017 жылғы маусым айында Қазақстанда тұрғын үйлерді сату-сатып алу бойынша 21 668 мәміле жасалды, бұл өткен аймен салыстырғанда 7,8% көп. Ал ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында жасалған шарттардың саны 111 848-ді құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 27,3% көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.    

Маусым айында баспананы сату-сатып алу бойынша ең көп келісімдер Алматы (3162 мәміле) мен Астана (3012) қалаларында жасалған. Үшінші орында Қарағанды облысы тұр - 2239 мәміле. Шығыс Қазақстан облысында - 1882, Оңтүстік Қазақстан облысында - 1570, Алматы облысында- 1421, Қостанай облысында - 1149, Ақмола облысында 1105 келісім жасалған.

Өткен айда пәтерлер ең аз сатылып, ең аз сатып алынған өңір - Атырау облысы (469 мәміле).

 

Соңғы жаңалықтар