Маусым айында қандай атаулы күндер бар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бір аптадан кейін жаз мезгілі келеді. Маусым айында мерекелік күндер жоқ болғандықтан, қазақстандықтар әдеттегідей 8 күн демалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сенбі - жексенбі яғни, ресми демалыс күндері 6, 7, 13, 14, 20, 21 және 27, 28 маусымға түседі.

Сондай-ақ, маусым айында экологтар, тәртіп сақшылары, медицина қызметкерлері, БАҚ өкілдері және жеңіл өнеркәсіп мамандары кәсіби мерекесін атап өтеді.

Бірінші маусым күнтізбеде Халықаралық балаларды қорғау күні деп бекітілген.

Төртінші маусымда ҚР Мемлекеттік рәміздері күні тойланады.

Бесінші маусым - барлық экологтар мен табиғат қорғаушыларының кәсіби күні.

Маусым айының екінші жексенбісі - Жеңіл өнеркәсіп жұмысшыларының күні.

Ал маусымның үшінші жексенбісі - медициналық қызметкерлер күні.

23 маусымда - Полиция күні мен Мемлекеттік қызметшілер күні тойланады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кәсіби мерекесін 28 маусымда тойлайды.


Соңғы жаңалықтар