+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Маусым айында елордаға жауын-шашынның үш айлық нормасы жауды

2020 жылғы 28 маусым 15:50
Бөлісіңіз:
Маусым айында елордаға жауын-шашынның үш айлық нормасы жауды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Маусым айында елордаға жауын-шашынның үш айлық нормасы жауды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің Facebook парақшасында жарияланған ақпаратта айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елорданың 4 ауданының әкімі Open space форматында жұмыс істейді Мумбайдағы алапат нөсер: бірнеше аудан су астында қалды Елорданың жемқорлықпен күрес органдары 7,4 млрд. теңгені үкіметке қайтарды

«Маусымның 1-і мен 27-сі аралығында елордаға 96 мм жаңбыр жауды. Бұл үш айлық нормамен пара-пар. Ал кеше, 27 маусымда 1 тәуліктің үшінде 39 мм жауын жауды. Ал бір айлық норма 37 мм құрайды», - делінген таратылған ақпаратта.

«Қазгидромет» мәліметінше, шілде айында елордада +23+33 градус ыстық болады. Дегенмен, ай бойы қысқа уақытқа күн салқындап отырады. Жаңбыр жауып, ұйытқып жел соғады. Түнде +7+12, ал күндіз +17+23 градусқа дейін ауа температурасы төмендейді.

Айта кетейік, кеше елордада қатты жауын жауып, қаланың бірқатар көшесін су басқан еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT