Маусым айында 5 облыстың жекелеген аудандарында құрғақшылық болады

None
Фото: france24.com
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» мамандарының болжамына сенсек, маусым айында Қазақстанның басым аймағында ылғал көлемі негізінен нормаға жуық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сонымен қатар, солтүстік-батыстың жеке аудандарында, елдің оңтүстігінде, сондай-ақ солтүстікте және орталықта біркелкі құрғақшылық күтіледі.

Қалыпты құрғақшылық аймақтары:

- Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз және Хромтау аудандары

- Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандары

- Қызылорда облысы Қармақшы ауданы

- Ақмола облысының Жақсы ауданы

- Қарағанды облысының Шет ауданы.

Барлық агрометеорологиялық болжамдар Ауыл шаруашылығы министрлігіне берілген.

Ол жайында agrodata.kz қосымшасынан және «Қазгидромет» РМК ресми сайтынан кеңірек білуге болады.


Соңғы жаңалықтар