+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Маусым айынан бастап Алакөлге қосымша пойыздар жүре бастайды

2021 жылғы 14 мамыр 12:45
Бөлісіңіз:
Маусым айынан бастап Алакөлге қосымша пойыздар жүре бастайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық тасымалдаушы Алакөл бағытында қосымша жазғы пойыздарды іске қосады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Вокзалдағы Ashyq жобасы: Пойыз билетінің құнын қалай қайтаруға болады Алакөлге жеткізетін жаңа жолаушылар пойызы жолға шықты Туризм комитеті Алакөл бағытындағы билет тапшылығына қатысты пікір білдірді

Бұл жайында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімет таратты.

17 маусымнан бастап №457/458 «Семей-Достық» пойызы күнара қатынайды. Семей станциясынан - тақ күндері, Достық станциясынан жұп күндері жөнелтіледі.

17 маусымнан бастап №459/460 «Өскемен-1 – Достық» пойызы күнара жүреді. Өскемен-1 станциясынан - тақ күндері, Достық станциясынан - жұп күндері аттанады.

20 маусымнан бастап №257/258 «Нұр-Сұлтан-1 – Достық» пойызы аптасына 2 рет қатынайды: жексенбі және бейсенбі күндері.

Нұр-Сұлтаннан - дүйсенбі, ал Достықтан - жұма күндері жүреді.

Бұдан бөлек, курорт аймағына аптасына 2 рет қатынайтын №54/53 «Нұр-Сұлтан – Достық» пойызы, сондай-ақ жазғы кезеңде құрамында «Нұр – Сұлтан-Достық» тіркемелі вагоны бар №121/122 «Нұр-Сұлтан-Семей» пойызы, №6941/6942 «Ақтоғай-Семей» пойызына Ақтоғай станциясында қайта тіркелетін № 21/22 «Қызылорда-Семей» пойызы құрамындағы «Алматы-Достық» қатынасындағы тікелей вагон бар екенін еске саламыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT