Маунтинбайктан ұлттық құрама бас бапкері Азия біріншілігінде алтын алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Велоспорттан Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасы кезекті алтын медалін жеңіп алды. Masters санатындағы жекелей сында маунтинбайктан ұлттық құраманың бас бапкері Александр Дымовских алтыннан алқа тақты, деп жазады Olympic.kz.

Дымовских өз отандасы Геннадий Крпучковтан 31 секунд алда болып, жеңімпаз атанды. 30 шақырымдық қашықтықты спортшы 40:11.28 уақыт көрсеткішінде жүріп өткен. Үшінші орында ирандық Хоссейн Мохамадиха.

Бұл бүгін велоспорттан құрлық додасында жеңіп алған екінші алтын медаль. Данил Фоминых жекелей сында Азияның алтынын иемденген болатын.

Соңғы жаңалықтар