+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Мәулен Әшімбаев Түркияның Қазақстандағы елшісін қабылдады

2021 жылғы 15 маусым 15:53
Бөлісіңіз:
Мәулен Әшімбаев Түркияның Қазақстандағы елшісін қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Түркияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Екиджиді қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Сенатта мәслихат хатшыларының жалақысы мәселесі көтерілді Тексеру комиссияларының жұмысында заң талаптары бұзылып отыр - Андрей Лукин Нұржан Нұрсипатов алдағы Олимпиадағы дайындық туралы министрліктен ақпарат талап етті

Кездесу барысында тараптар сауда, экономика, мәдениет және білім беру салаларына қатысты екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

«Түркия – еліміз үшін саяси, мәдени және экономикалық-инвестициялық тұрғыдан маңызды стратегиялық серіктес мемлекет. Тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап қазақ-түрік байланыстары барлық салада қарқынды дамып келеді. Бүгінде мемлекеттеріміздің басшылары арасындағы тұрақты қарым-қатынастың арқасында өзара ынтымақтастық жоғары деңгейге көтерілді», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар сұхбаттасушылар Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі аясында түркітілдес халықтардың интеграциясын дәйекті түрде дамыту мәселелеріне назар аударды.

Одан бөлек, Сенат Спикері бүгінде екі мемлекет арасында парламентаралық ынтымақтастық та белсенді дамып келе жатқанын атап өтті. Мәулен Әшімбаев бұл бағытта Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы маңызды жұмыс атқарып келе жатқанын айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT