Мәулен Әшімбаев: Табиғатпен үнемі үйлесімде болу –бабаларымыздың өмірлік философиясы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан жастары елді алдағы түрлі сын-қатерлерден сүріндірмей аман алып шығуы постпандемиялық үрдістерді терең білуі керек. ҚР Паламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты республикалық жастар форумында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір адамзат панедемияның салдарын еңсеріп келеді. Бұл індет әлем елдері үшін үлкен сынақ болды. Соған байланысты қалыптасқан өмір сүру салтын қайта зерделеу қажеттігі туындап отыр. Әлемнің болашақ келбетін өзгертетін, адамдардың өміріне тікелей ықпал ететін постпандемиялық үрдістер қалыптасуда. Жастарымыз елімізді алдағы түрлі сын-қатерлерден сүріндірмей аман алып шығуы үшін осы үрдістерді терең білуі керек», - деген Сенат спикері қоршаған ортаны қорғаудың маңызына тоқталды.

«Табиғатпен үнемі үйлесімде болу – біздің бабаларымыздың өмірлік философиясы. Біз осындай көзқарасты қалпына келтіруіміз керек. Жер бүкіл адамзатқа, бізге дейінгі және бізден кейінгі ұрпаққа ортақ. Ал оның мүмкіндігі шектеулі. Уақыт өткен сайын таза ауа, таза су, құнарлы өнімдер тапшылығы айқын сезіліп келед. Қазіргідей есепсіз тұтыну дағдысын жалғастыра берсек, Жердің ресурстары ұзаққа жетпейді. Халқымыз «Судың да сұрауы бар» дейді. Сондықтан табиғатты қорғау өмірлік ұстанымға айналуға тиіс», - деді Мәулен Әшімбаев.


Соңғы жаңалықтар