+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Мәулен Әшімбаев: Сенат еліміздің барлық өңірінің Парламенттегі өкілдігін қамтамасыз етеді

2020 жылғы 12 тамыз 10:24
Бөлісіңіз:
Мәулен Әшімбаев: Сенат еліміздің барлық өңірінің Парламенттегі өкілдігін қамтамасыз етеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенат еліміздің барлық өңірінің Парламенттегі өкілдігін қамтамасыз етеді. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Facebook-тегі парақшасына жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Мәулен Әшімбаев бүгін елімізде Сенат депутаттарының сайлауы өтіп жатқанын айтып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әр облыстан, астанадан және республикалық маңызы бар қалалардан бір-бірден сайланатын 17 сенаторды таңдаушылар-мәслихат депутаттары сайлайтынына назар аударған.

«Заң шығарушы билік жүйесіне сәйкес Сенат еліміздің барлық өңірінің Парламенттегі өкілдігін, Мәжіліс құрамы жаңарған кезде заңнамалық саясаттың сабақтастығын және заң жобаларының сапалы қаралуын қамтамасыз етеді. Мәжіліс депутаттарының партиялық тізімдер бойынша және Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатының ескерсек, Сенатта өңірлер мүдделерінің білдірілуі аса маңызды», – дейді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат Төрағасы заң шығарушы билікті ұйымдастырудың қазіргі жүйесі қабылданған заңдарды сапалы пысықтауды қамтамасыз ететінін тілге тиек еткен.

«Қаралатын мәселе жан-жақты әрі терең зерттеліп, заң қабылдау жұмыстары кезең-кезеңмен және қисынды жүргізілуге тиіс. Аталған жұмыстың сапасы мемлекеттік органдардың нормаларына, яғни, тұтас елдің тыныс-тіршілігіне ықпал етеді. Әр қабылданған заңның ондаған мың отбасы мен нақты адамдардың тыныс-тіршілігіне тікелей әсері бар. Осы ретте Парламент Палаталарының жұмысы заң шығару үдерісінің барынша тиімді әрі теңгерімді болуына мүмкіндік береді және Заңдарды елдің, сондай-ақ, әр азаматтың мүддесін ескеріп қабылдауды қамтамасыз етеді», – Мәулен Әшімбаев.

Мұнан бөлек ол қабылданатын заңдар Қазақстан Президентінің бастамаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге тиіс екендігін атап өткен.

«Дамудың жаңа кезеңінде Мемлекет басшысы ұсынған халықтың тұрмыс сапасын арттыруға және инклюзивті экономикалық өсуге арналған жаңғырту бағдарын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етудің маңызы зор. Бұл ретте депутаттардың рөлі ерекше. Коронавирус індетімен және оның салдарымен күресу үшін құқықтық базаны жетілдіру де маңызды міндеттердің бірі болып қала береді. Бүгін сайланған сенаторлар тиісті өкілеттіктерін алған сәттен бастап аталған стратегиялық міндеттерді орындауға өз үлестерін қосып, белсенді жұмыс істейді деп сенемін», – дейді Сенат төрағасы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT