Мәулен Әшімбаев пен Бақыт Сұлтанов бес әлеуметтік бастама нысандарын аралайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев пен Астана әкімі Бақыт Сұлтанов Президенттің бес әлеуметтік бастамасы бойынша салынып жатқан нысандарды аралайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бұл туралы Мәулен Әшімбаев «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының кезектен тыс XXVI конференциясында мәлімдеді. 

«Бақыт Тұрлыханұлымен 3 қазанда Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасы аясында тұрғызылып жатқан нысандарды аралап, қандай жобалардың жүзеге асырылып жатқаны жөнінде жиналыс өткіземіз. Жалпы алғанда, партияның қазіргі басты міндеті - осы жобалар мен өзге де бастамалар арқылы Мемлекет басшысының сенімді тірегі болып, Қазақстанның жаңғыруына жүйелі түрде қатысатын стратегиялық күшке айналу. Бір жағынан өзгерістердің идеологы атанып, екінші жағынан сол өзгерістерге белсене қатысып, қозғаушы күші болуымыз керек», - деді М. Әшімбаев. 

Айта кетейік, бүгін «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының кезектен тыс XXVI конференциясында Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов филиалдың төрағасы қызметіне сайланды.  

Соңғы жаңалықтар