+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Мәулен Әшімбаев: Ораза айт мерекесі жақсылықтың жаршысы

2020 жылғы 24 мамыр 09:34
Бөлісіңіз:
Мәулен Әшімбаев: Ораза айт мерекесі жақсылықтың жаршысы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оразайт мерекесін жақсылықтың жаршысы деуге толық негіз бар. ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды құттықтауында осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құрметті достар! Баршаңызды қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын!⠀

Бұл – Рамазан айының аяқталғанын білдіретін, бүкіл әлем мұсылмандары үшін қастерлі саналатын ең ұлық мейрамдардың бірі. Осы күндері татулық, қайырымдылық, мейірімділік сияқты ізгі қасиеттер кеңінен дәріптеледі. Отыз күн бойы ораза тұтқан жандар бір-біріне игі тілектерін арнап, қуанышты күйге бөленеді. Сондықтан айт мерекесін жақсылықтың жаршысы деуге толық негіз бар.⠀⠀
Биыл Рамазан айы коронавирус індетінің таралуымен тұспа-тұс келді. Дегенмен, бұл жағдай Қазақстан мұсылмандарын еш жасытқан жоқ. Қайта халқымыздың ырыс-ынтымағы одан әрі арта түсті. Өйткені ораза қазіргідей күрделі кезеңде адамзатты береке мен бірлікке, сабырлық пен төзімділікке үндейді. Осындай асыл қасиеттердің арқасында біз қауіпті дертті ауыздықтап, барлық қиындықты бірлесіп еңсереміз деп сенеміз.⠀
Сіздерді осы мерекемен құттықтай отырып, ұстаған оразаларыңыз бен тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын дегім келеді. Айдан айға, жылдан жылға аман-есен жете берейік. Ұлық мейрам әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке әкелсін!⠀⠀
Айт мүбәрак болсын!


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Сенат, Дін,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT