Мәулен Әшімбаев: Наурыз мерекесінде төл құндылықтарымыз төрге озып, салт-дәстүріміз дәріптеледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Әз-Наурыз – татулық пен достықтың, ырыс пен ынтымақтың, ізгілік пен жақсылықтың мерекесі. Жаңару мен жасампаздықтың нышаны. Бұл күндері төл құндылықтарымыз төрге озып, салт-дәстүріміз кеңінен дәріптеледі.

Тереңнен тамыр тартатын осынау мейрам Тәуелсіздігіміздің арқасында қайта түлеп, ұлт руханиятының өрісін кеңейтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Наурызда қоғамды ұйыстырар құндылықтарға басымдық берудің маңызы зор екенін айтқан еді. Шын мәнінде, алдағы уақытта мерекенің мән-мазмұнын одан әрі арттыра түскеніміз абзал.

Келіп жеткен жаңа жылымыз еліміз үшін құтты да қайырлы болсын! Әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке әкелсін! Тәуелсіз Қазақ елі мәңгі жасай берсін! Ұлыс оң, ақ мол болсын, ағайын!», - деді Мәулен Әшімбаев.


Соңғы жаңалықтар