+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Мәулен Әшімбаев коронавирустан айығып, екі апталық карантиннен оралды

2021 жылғы 11 мамыр 12:35
Бөлісіңіз:
Мәулен Әшімбаев коронавирустан айығып, екі апталық карантиннен оралды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенат спикері Мәулен Әшімбаев коронавирустан жазылып, күнделікті жұмысына оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда өткен тәулікте 838 адам коронавирустан жазылып шықты Қазақстанда өткен тәулікте 1119 адамнан коронавирус анықталды Адам жанының арашасы – медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

Бұл жайында Сенат төрағасы ресми Facebook парақшасында хабарлады.

«Құрметті достар! Соңғы тапсырған екі ПТР сынамасының нәтижесі ойдағыдай болып, індеттен жазылып шықтым. Соған байланысты екі аптаға жалғасқан карантиннен кейін бүгін қайтадан қалыпты жұмыс форматына көшкенімді хабарлаймын» деп жазды Мәулен Әшімбаев.

Оның айтуынша, осы уақыттың ішінде бойынан аурудың ешқандай белгілері байқалмаған.

«Сондықтан жұмысымды тоқтатпай, қашықтан атқарып отырдым. Осы ретте жылы лебіздеріңізбен қолдау көрсетіп, тезірек сауығып кетуіме тілектестік білдірген баршаңызға алғысымды жеткізгім келеді. Мен үшін мұның маңызы зор. Алдымызда елдік мүдде жолында атқаратын әлі талай ауқымды міндеттер тұр. Соларды іске асыру кезінде де өздеріңізбен үнемі байланысты боламыз деп сенемін. Өкінішке қарай пандемия қаупі әлі сейілген жоқ. Сондықтан сақтық шараларын ұстанып, медицина қызметкерлері мен мамандардың ұсынымдарын барынша орындауымыз керек. Бұл – өзімізбен бірге туған-туыстарымыз үшін де аса маңызды. Баршаңызға зор денсаулық тілеймін! Аман болыңыздар» деп түйіндеді сөзін Сенат спикері.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Мәулен Әшімбаевтың коронавирус жұқтырып алғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT