USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Мәулен Әшімбаев: Конституция – тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің басты кепілі

2021 жылғы 30 тамыз 09:25
Бөлісіңіз:
Мәулен Әшімбаев: Конституция – тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің басты кепілі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Конституциясы күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Конституция – тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің, өсу мен өркендеудің басты кепілі. Ата заңымыз құқықтық, зайырлы, әлеуметтік және біртұтас мемлекет болып қалыптасуымыздың негізін қалап берді.

Бізді бүгінгі жетістіктерге жетелеген барлық бастама, ең алдымен, еліміздің басты құжатына табан тірейді. Алдағы уақытта да Мемлекет басшысының елімізді жаңғырту бағдарын іске асыруда Конституцияның маңызы зор. Сондықтан Ата заңымызды ардақтау – әр қазақстандықтың азаматтық парызы.

Мерекемен құттықтай отырып, әр шаңыраққа бақ-береке, елімізге бейбіт өмір тілеймін! Тәуелсіз Қазақ елі жасай берсін!», - деп жазды Сенат Төрағасы желідегі парақшасында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT