Мәулен Әшімбаев Қазақстанның Бас раввинімен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенат Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Қазақстанның Бас раввині Ешая Когенді қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

« Сенат Төрағасы Қазақстанда бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді қамтамасыз етуде Иудей қауымы мемлекеттің маңызды серіктесі екенін және аталған дін өкілдері елімізде мәдениет пен руханияттың дамуына үлкен үлес қосып отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев Бас раввинді және Қазақстандағы барша еврей қауымын Суккот мерекесімен құттықтады. Сенат Төрағасы ежелден келе жатқан бұл мейрам сенім пен бірлікті арттыратынын және ізгілікті дәріптейтінін тілге тиек етті», - делінген Сенат ақпаратында.

Кездесу барысында тараптар осыған дейін өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съездерінің қорытындыларын іске асыру жұмыстарына қатысты пікір алмасып, дінаралық диалогты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Мәулен Әшімбаев Съездің халықаралық деңгейде мойындалғанын және жаһандық өркениетаралық диалогтың маңызды тетігіне айналғанын айтты.


Соңғы жаңалықтар