Мәулен Әшімбаев іссапармен Талдықорғанға келді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев жұмыс сапарымен Алматы облысына барды. Сапар барысында ол бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, партияның облыстық активімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Мәулен Сағатханұлы «Нұр Отан» партиясы қолға алған жобалардың Жетісу өңірінде жүзеге асырылу барысымен танысып, Талдықорғанда ашылған IT-сынып және IT-орталықтарында болды.
null

Биыл Талдықорған қаласында екі IT-орталық ашылды. Олардың бірі қаладағы агротехникалық колледжде орналасқан. Қазіргі таңда бұл жерде облыс аумағында ашылатын айти сыныптардың болашақ оқытушылары дайындалуда. Алматы облысының аудан, қалаларынан келген алғашқы 25 тыңдаушы бірнеше бағытта білімін шыңдап, түрлі бағдарламаларды меңгеріп жатыр.

Партия төрағасының бірінші орынбасары сондай-ақ оқушылар сарайында болып, мұндағы робототехника кабинеті мен ІТ сынып жұмысымен танысты. Биыл бұл жерде 900-ге жуық мектеп оқушысы SТЕМ оқыту жүйесі бойынша заманауи бағдарламалау тілдерін үйреніп, білімін шыңдайды. Алдағы үш жылда тек Алматы облысында 60-тан астам ІТ сынып және 20-ға жуық робототехника кабинеті ашылмақ.
nullnull

Сапар барысында Мәулен Әшімбаев өңірдің жас кәсіпкерлерімен кездесіп, партияның кәсіпкерлікті қолдау мәселелерін тілге тиек етті. Ал партияның облыстық активімен кездесу барысында партиялық жобаларды жүзеге асыру және Елбасының бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылуына қоғамдық бақылау жүргізу қажеттігін ескертті.

nullnull

Соңғы жаңалықтар