+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 387.34 EUR 428.44
RUB 6.04 CNY 54.58
Jańalyqtar

Мәулен Әшімбаев «Халыққа көмек» жобасының басталғанын жариялады

2019 жылғы 18 наурыз 12:06
Бөлісіңіз:
Мәулен Әшімбаев «Халыққа көмек» жобасының басталғанын жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Nur Otan партиясының бірыңғай әлеуметтік терезе жүйесінде қызмет көрсететін «Халыққа көмек» жобасы өз жұмысын бастады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш жоба халықтың өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталып отыр. Айта кетерлігі, Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезекті XVIII съезінде халықтың басындағы және қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты жедел әрекет ету керектігін айтып, «Халыққа көмек» жобасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Жаңа бастаманы партия мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және бизнес қауымдастықпен бірлесіп іске асырмақ. Жоба негізінде партияның еліміздегі барлық қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы жаңғырып, олар Бірыңғай әлеуметтік терезе жүйесінде қызмет көрсететін болады.

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, жоба аясында қоғамдағы өзекті мәселелерді жедел әрі тиімді шешу үшін бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге жарияланған жазбаларға талдау жасалып, алдын алу мониторингі жүргізіледі. Сондай-ақ көмекке мұқтаж азаматтар үшін партияға тікелей өз өтініштерін білдіруге мүмкіндік бар. Сол үшін қоғамдық қабылдау бөлмелері «жедел әрі бір жерде» қағидасы бойынша жұмыс істейді.

«Қазіргі таңда Nur Otan партиясы халықтың мүддесін қорғайтын және Елбасы тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізетін басты институт болып табылады. «Халыққа көмек» жобасын жемісті жүзеге асыру үшін тек ірі қалалардағы ғана емес, барлық филиалдарымыздағы қоғамдық қабылдау бөлмелерінің әлеуетін толық пайдаланамыз. Өйткені біздің басты міндетіміз - халықтың мәселесін тиімді шешіп беру», - деді Мәулен Әшімбаев.

Азаматтардың өтініштерін жеке қабылдау, сайт, электронды пошта, Call Center сияқты дәстүрлі түрлерімен бірге халықпен байланыс әлеуметтік желілердегі парақшалар, WhatsApp мессенджері, тиімді кері байланыс құралы ретінде танылып үлгерген әкімдіктердің цифрлы қызметі (iKomek, Open Almaty және т.б.) және электронды Үкімет порталы арқылы да жүргізіледі. Өзекті мәселені оң шешу үшін қоғамдық қабылдау бөлмелерінің қызметкерлерімен бірге мемлекеттік орган өкілдері, қажет жағдайда салалық мамандар (заңгер, психолог және т. б.) жұмылдырылады.

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, қазіргі таңда партия халық пен билікті байланыстырушы алтын көпір ретінде қалыптасып отыр. «Халыққа көмек» жобасы арқылы қоғамдық қабылдау бөлмелері Елбасының әлеуметтік салаға қатысты тапсырмаларын орындау барысында мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бизнес қауымдастықтың қызметтерін үйлестіруші рөлді атқарады.


null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT