USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Мәулен Әшімбаев Дүниежүзілік Ислам Лигасының өкілімен кездесті

2021 жылғы 7 қазан 14:50
Бөлісіңіз:
Мәулен Әшімбаев Дүниежүзілік Ислам Лигасының өкілімен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Дүниежүзілік Ислам Лигасы Бас хатшысының кеңесшісі Абдул Әзиз Бен Ахмад Сарханмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Сенатор «Самұрық-Қазына» қорында жоспарлардың кемшілігін атады Сенатта кедейлік пен жұмыссыздық деңгейін есептеуде жаңа әдістерді пайдалану мәселесі көтерілді Сенаторлар ұлттық қауіпсіздік жүйесін күшейтуді ұсынады

Өз сөзінде Сенат спикері мейманға Съезд Хатшылығының ХІХ отырысына қатысқаны үшін алғыс білдіріп, Форумның негізгі мақсаттары ислам әлемінің оң пікірі мен қолдауына ие болғанын атап өтті.

«Уақыт өткен сайын Съездің халықаралық аренадағы маңызы артып келеді. Алдағы уақытта Нұр-Сұлтан қаласындағы дінаралық диалог бейбітшілікті, келісімді және ынтымақтастықты халықаралық деңгейде қамтамасыз етудің маңызды факторы ретінде өз рөлін атқара береді деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар сұхбаттасушылар пандемияға байланысты қажылық жасау кезінде туындайтын қиындықтарды талқылады. Сенат төрағасы пандемиядан кейінгі кезеңде жағдай тұрақталып, Қазақстан азаматтары өздерінің діни парыздарын өтеуге қайтадан мүмкіндік аларына үміттенетінін жеткізді.

Іс-шара соңында М. Әшімбаев Дүниежүзілік Ислам Лигасының Бас хатшысына 2022 жылғы қыркүйек айында Қазақстан астанасында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне қатысу үшін шақыру жолдады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT